1998-2000 жылдары ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ә.Марғұлан атындағы Археология институты белгілі археолог З.Самашевтің жетекшілігімен халықаралық экспедиция ШығысҚазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы қасиетті Алтайдың ақ қайыңдары мен мәңгі жасарып тұратын неше мың жылдық орман-тоғайларымен көмкерілген тау сілемдері қоршап жатқан көрікті аңғарда орналасқан Берелде еліміздің бірсыпыра ғылыми-зерттеу институттары, университеттері, сондай-ақ Франция, Италия ғылыми-зерттеу ұйымдары қазба жұмыстарын жүргізді.Берел қорымындағы обалар тізбектеле орналасқан. Олардың жер бетіндегі аса алып пішіндері ежелгі көшпелілердің өз көсемдеріне ерекше ғибадатхана-кесене түрінде күрделі ғұрыптық жерлеу құрылысын тұрғызу мақсатымен осында әдейі әкеліп жерлегенін көрсетеді. Аңғардың аса абзал жағдайы мен табиғатының ғажайып сұлулығы осы өңірдің киелі-қасиеттілігін арттыра түскені сөзсіз. Жеке обалардың және бүкіл қорымның тау етегі мен таулы өзен жағасындағы орналасуы да мифологиялық наным бойынша жер мен көкті, яғни жоғарғы және төменгі дүниелерді жалғастырушы, әлемдік бәйтеректің бір нұсқасы болып табылғанын көрсетеді. Ежелгі көшпелілердің діни-мифологиялық наным-түсінігі кеңістік пен уақыттың қасиетті түйісінде, жылдың айқын ажыратылатын белгілі мезгілдері болып табылатын​

899600327811 899600327811    1   20.01.2021 14:23    1

Другие вопросы по теме История