1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының көзқарасы өзгеріп,
қоғамдық-саяси қызметке белсенді араласуы
көрініс тапты. Олардың көпшілігі көпбағытты
қызметпен айналысып, ана тілінде газет-
журналдар шығарды. Онда өздерінің саяси
үндеулерін, идеяларын, пікірлерін
жариялады. Олар өздерінің шығармашылық
еңбегі арқылы халықтың сана-сезімін оятуға,
отарлық езгіге қарсы саяси ахуал
қалыптастыруға барынша күш жұмсады.