1-тапсырма
Берілген эпизод үзіндісі бойынша сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап беріп, мәтіндегі негізгі ойды
анықтаңыз.
Бала Абай көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай
жерде тұрып:
- Әй, шырағым, балам! Арғы жағыңда әкең тұр... сәлем бер! - деді.
Абай жалт қарап еді, әкесін көрді. Алыстау жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі
бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын
сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.
... Әкесі азғантай уақыт Абайға қарап алып:
- Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді.
Сұрақ жауап Негізгі ой
Абай алдымен
кімге амандасты?
Құнанбай Абайдан
не туралы сұрады?
Бұл эпизодтан
қандай
құндылықты
аңғарасыздар?
2. Берілген мәтіннен бір деректі, бір дерексіз, бір көптік мәнді зат есімді табыңыз. Қолданылу
орнын көрсетіңіз.
Құнанбайдан кейінгі екінші үлкен тұлға, ұлы Абайдай асылды дүниеге әкелген ардақты ана –
Ұлжан. Ұлжан ұстамды, пайымы мен ақыл-мейірімі мол, дана ана болған. Анасы Ұлжан қолы қалт
еткенде баласына көп көңіл бөлген. Абай әжесі кейде шаршап, тілегін орындамаса, өз шешесі Ұлжанға
қиылады. Ұлжан көбінесе өлеңсөзді көп біледі. Небір жырлард