1. Квинт Курций Руфтың аңызын пайдалана отырып, сақ тайпа- ларының немен айналысқанын анықтаңдар. Қоғам қандай негізгі топтарға бөлінді? 2. Көсемнің көктемде бірінші болып соқа салуы нені білдіреді? 3. «Алтын киімді адамның» баскиімін қарап шығыңдар. Бас- киімнің құрамдас бөліктері нені бейнеледі? 4. Дала тұрғындарының діни түсініктері мен мифологиясын си- паттаңдар.