1.Кіші жүз Ресей империясының қол астына қай кезде кіреді ? 2.Орта жүз Ресей империясының қол астына қашан кіреді?

3.Ұлы жүз Ресей империясының құрамына қашан кіреді?​

ashaburovaa ashaburovaa    3   19.01.2021 07:05    0

Ответы
VladeslavPavlo VladeslavPavlo  18.02.2021 07:05

1) Ақтабан шұбырынды”. ХVІІІ ғ. бас кезіндегі қазақ-жоңғар қарулы қақтығыстары көп жағдайда ойраттардың үстемдігімен аяқталып, қазақ қоғамының экономикалық, саяси және басқа әлсіз жақтарын көрсете бастады. Тәуке ханнан соң билікке келген Болат хан (1718—1729) тұсында қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылық үстемдік алады (1-карта). Кіші жүз бен Орта жүздің біраз бөлігі Әбілқайыр сұлтанды ақ киізге отырғызып хан көтереді (1718—1748). Ташкентте Ұлы жүздің өкілдері Жолбарыс сұлтанды хан сайлайды. Орта жүздің қалған бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындайды. Орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар басқыншылығына жол ашқан еді.

ХVІІІ ғ. қазақ-жоңғар қатынасының асқынып кетуінің негізінде тағы да сол жер мәселесі жатты. Қонтайшы Севан Рабдан Жетісуды біржола ойраттарға қалдырып, сонымен бірге, Түркістан арқылы өтетін сауда жолын да иемденуден үміттенді. Жоңғар хандығы бұл кезде біршама экономикалық және саяси өрлеу кезеңінде тұрды: егіншілік бұрын болмаған көлемге жетті, көрші елдермен сауда қатынасы өсті, қонтайшы Тибетті, Шығыс Түркістан мен қырғыздардың біраз бөлігін өзіне қаратты. Темір өндіру технологиясын игерген ойраттарға орыс шебері Зеленовский мен швед офицері Ренат мылтық және зеңбірек құю ісін, оқ-дәрі жасауды жолға қойып берді.

1723 ж. жоңғар қалмақтарының үлкен күші Жетісу арқылы Талас өңіріне, одан әрі Қаратауға жетіп, Түркістан мен Ташкенттен бір-ақ шығады. “Жұт — жеті ағайынды” дейді халық. Жұт әкелген ауыр қыстан соң, жайсыз көктемге енді ғана іліккен Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының біразы қырғынға ұшырап, бірнеше мыңы тұтқын есебінде қалмақ жеріне айдалып, қалғаны мал-мүлкін тастап Ходжент пен Самарқанға, Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхарға жетіп паналайды. Демограф М.Тәтімовтың болжамы бойынша, осы трагедиялы кезеңде қазақ елі миллионнан астам адамынан айырылған. Осы оқиғаның ізін ала қазақ жұртына келген орыс елшісі А.И.Тевкелев елдің жағдайын білдіре келіп, “қазақтар ойрандалды, тоз-тоз болды, жүрдай болып жұтады” деп жазды. Оқиға қазақ елінің тарихына “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен енді.

1727 ж. Ұлы жүз Саңырақ, Орта жүз Орта жүз Бөгенбай, Кіші жүз Тайлақ батырлар бастаған қазақ қолдары Бұланты өзенінің бойында ойрат әскерін талқан етіп жеңеді. Кейін бұл шайқас өткен жерді халық “Қалмаққырылған” атап кетеді. Келесі ірі жеңіске қазақ қолдары 1729 ж. Балқаш өзенінің батыс жағындағы Аңырақай атты жерде жетеді. Шамамен осы мезгілде Қойгелді батыр, Тоқсанбай, Мәлік және Кеген билер бастаған халық көтеріліп, Түркістанға жақын маңда орналасқан қонтайшының өкілі Барша хан мен оның кеңесшісі Саңғалды өлтіріп, шағын әскерін тұтқынға алады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История