Тіктөртбұрыштың периметрі 100 см. Егер бір қабырғасы екіншісінен 10 см-ге артық болса, онда оның қабырғаларын тап. 2. Егер тіктөртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 4 : 9 қатынасындай, ал ауданы 144 м2 болса, тіктөртбұрыштың қабырғаларын тап.
3. Тіктөртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесінен оның көршілес екі қабырғаларына дейінгі қашықтықтардың қосындысы 38 см-ге тең. Егер оның қабырғаларының қатынасы 12 : 7 қатынасындай болса, тіктөртбұрыштың қабырғаларын тап.
4. ABCD тіктөртбұрышының диагональдары О нүктесінде қиылысады, ∠ABD = 58°. Тіктөртбұрыштың диагональдарының арасындағы бұрышты тап.
5. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 35 дм2 , ал периметрі 24 дм болса, онда тіктөртбұрыштың қабырғаларын анықта.