контрольная работа

1. Цилиндрдің осьтік қимасының диоганалы 26 см-ге, биіктігі 24 см-ге тең. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар?
2. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 120 см2 , биіктігі 15 см-ге тең. Цилиндрдің толық бетінің ауданын табыңдар?
3. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 24 см2 , биіктігі 15 см-ге тең. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар?
4. Цилиндр табанының диаметрі 1 м, ал биіктігі табанындағы шеңбердің ұзындығына тең.
Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар?
5. Биіктігі 30 см, табанының диаметрі 20 см болатын цилиндр тәрізді шелек жасау үшін қанша метр квадрат қаңылтыр керек?
6. Қабырғалары 6 см және 10 см тіктөртбұрышты кіші қабырғасынан айналдырғанда пайда болатын дене бетінің ауданын табыңдар.
7. Цилиндрдің биіктігі 10 см. Осьтік қимасының ауданы 84 см2. Цилиндр табанының ауданын табыңдар.
8. Цилиндр табанының ұзындығы 8 см, ал осьтік қимасының диоганалі 17 см.
Цилиндрдің жасаушасын табыңдар.
9. Цилиндрдің толық бетінің және бүйір бетінің аудандары сәйкесінше 50 см2 және 30 см2 . Цилиндрдің радиусын және биіктігін табыңдар.
10. Цилиндрдің биіктігі оның радиусынан 12 см артық, ал толық бетінің ауданы 288 см2 .
Цилиндрдің радиусы мен биіктігін табыңдар?

cot579 cot579    1   25.05.2020 10:29    10

Другие вопросы по теме Геометрия