Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Тыйым сөздер — үлкен маңызға ие тәрбие құралы. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым
сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Қазақ халқында
табалдырық — қасиетті ұғым. Ол — үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедейліктің
де шегарасы. Табалдырық — бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа,
бақыт қашады», «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта
тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген тыйым сөздер жай айтылмаған.
Табалдырық – бақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың,
құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде, жақсы
ырым жасалады. Оған шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен: «Бісмілла!» деп кіргізеді.
существительные с падежным окончанием​

fasio46 fasio46    1   10.09.2020 13:24    23

Другие вопросы по теме Геометрия