Жер табиғатындағы желдердің маңыздылығын анықта​

alexeyy2012 alexeyy2012    3   15.01.2021 14:45    5

Ответы
kuzminanika2000 kuzminanika2000  14.02.2021 14:46

Объяснение:

Жел мұхиттардан құрлыққа жауын-шашын әкеледі. Ол бұлттарды бір жерден екінші жерге жылжытып, бүкіл жер бетіне су шашады. Жел болмаған жағдайда, жаңбыр мен қар, тек мұхиттың бетінде ғана болу шеді. Ал, өзендер, көлдер және құдықтар құрғап қалатын еді. Ауаны тазартады. Ластанған ауаны қалалардан шығарып, бізге орман мен даланың таза ауасын әкеледі. Желдің көмегімен электр қуаты өңдіріледі. Көптеген мемлекеттер, жылу және жарық шығару үшін, жел диірмендерін пайдаланады. Егер табиғатта ауа қозғалысы болмаса, ыстық елдерде, одан да ыстық болар еді. Ал суық елдер, одан да қатты салқындайтын еді. Желдің арқасында, ыстық ауа суық аймақтарға, ал суық ауа жылы аймақтарға таратылады. Көптеген өсімдіктер желдің әсерімен тозаңдатылады. Бұл ауа ағындары, шаңның ең кішкентай дақтарын еркек гүлден, әйел гүлге тасымалдайды. Осылайша, тұқым пісіп-жетіліп, оның көбеюіне әсер етеді.

Толығырақ: https://faktiler.kz/zheldin-pajdasy-men-ziyany/

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме География