Улы географиялық ашулардын он салдарына бага берыныз
керек ​

gavric228 gavric228    3   30.10.2020 07:11    11

Ответы
Оксана1970 Оксана1970  30.10.2020 07:20

Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды. Мұндай ізденістің басты себептері:

15 ғ-дың ортасына қарай Еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, Еуропаны Шығыс Азияменбайланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысы Әбу-Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт. Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Индонезия, Испанияда болған. Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады.

15 ғ-дың 2-жартысында Португалия ханзадасы, теңізші Генрих (Энрико) Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс және оңт. жағалауын бойлай жүзді.

1488 ж. Б.Диаш Африканың оңт. шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Португалдардың бұл саяхаттары Ұ. г. а-дың бастамасы болды. Олармен бәсекелес испандықтар Шығыс Азияға апаратын теңіз жолын батыстан іздеуге тиіс болды. Орта ғасырларда ежелгі дүние ғалымдарының Жерді шар тәріздес деген ұмытылған пікірі қайта жандана бастаған еді. Осыған сәйкес бірқатар ғалымдар мен теңізшілер Испаниядан шығып үнемі батысқа қарай жүзе берсе Азия жағалауына жетуге болады деп есептеді. Неміс картографы М.Бехаймның глобусында (1492) және Италия космографы П.Тосканеллидің картасында (15 ғ-дың 2-жартысы) Еуропаның батыс жағалауы мен Азияның шығыс жағалауы арасында ешқандай құрлық жоқ, мұхиттың ені кішірейтіліп көрсетілген. Х.Колумбтың осы пікірге негізделіп ұйымдастырылған экспед.

1492 ж. Американы ашты. Оның 4 саяхатының (1492 — 1504) нәтижесінде Орт. Америкадағы Багам, Үлкен Антиль және Кіші Антиль аралдары, Оңт. Американың солт. жағалауы ашылды.

1497 — 99 ж. португал теңізшісі Гама (Васко-да-Гама) Африканы оңт-нен айналып өтіп, Үндістанға апаратын теңіз жолын ашты (экспед-ны Африка жағалауынан әрі қарай араб лоцманы Ахмет ибн Мәжит бастап барды).

1497 ж. ағылшын теңізшісі Джон Каботт Үндістан мен Қытайға Солт. теңіз жолын іздеу кезінде Нью-Фаундленд аралдарына және Лабрадорға жүзіп барып, Солт. Американы ашуды бастады. Х.Колумбтан кейін испан және португал теңіз саяхатшылары Оңт. А.Веспуччи құрлықтың жағалауларына бірнеше рет жүзіп барып, оны жаңа дүние ретінде сипаттап жазды. Бұдан әрі испан конкистадорлары Солт. және Оңт. Американың ішкі аудандарын жаулау кезінде бірқатар жаңа жерлер ашты (Э.Кортес, Х.Писарро).

1503 ж. В.Нуньес де Бальбоа Панама мойнағы арқылы Тынық мұхит жағалауына шықты. Бальбоаның жаңалығы Атлант мұхитынан “Жаңа Дүниені” айналып, “Оңтүстік теңізге” (мойнақтан қарағанда оңт-те көрінетіндіктен саяхатшылар солай деп атаған) асатын жолды іздеу туралы ой тудырды. Бұл идеяны Ф.Магеллан басқарған испан экспед. жүзеге асырды.Магеллан және оның серіктері Атлант мұхитынан жол тауып, Тынық мұхитқа өтті, онан әрі дүние жүзін айналып шықты (1519 — 1522).

16 ғ-дың ортасында Ұ. г. а. заманының бірінші кезеңі аяқталды.

16 ғ-дың 2-жартысынан 17 ғ-дың 2-жартысына дейін созылған екінші кезеңнің басында Шығыс Азия елдерінеЕуразияның және Солт. Американың солт. жағалауын айналып жүретін теңіз жолын (Солт.-шығыс және Солт.-батыс жолдарын) іздеуге байланысты геогр. ашылулар жасалды. Еуропадан Үндістан мен Қытайға баратын Оңт. теңіз жолдары Испаниямен Португалияның қолында қалғандықтан жаңадан өркендеп келе жатқан Англия мен Голландиятеңіз жолын басқа жақтан, солт-тен іздеуге мәжбүр болды. Солт.-батыс жолды іздеу барысында

М.Фробишер (1576 — 1578),

Д.Дэвис (1585 — 1587),

Г.Гудсон (1610),

В.Баффин (1612 — 1616) Американың арктик. бөлігінің аралдардан тұратынын анықтады.

Ағылшындар мен голландттардың Солт.-шығыс жолды іздеуі (Барроу 1556, Пит пен Джекмен 1580, Баренц 1594, Флеминг 1664 — 1668) нәтиже бермеді. Олар Баренцжәне Кара теңіздерінде жүзіп Ямал түбегіне дейін ғана жете алды. 16 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың 1-жартысында орыстар көптеген геогр. жаңалықтарға қол жеткізді. Орыс казактары бас-аяғы 50 жылдай уақытта Оралдан (1584) Тынық мұхитқа дейін (1639) жетті.

1639 ж. И.Москвитиннің отряды Охота т-нің жағалауына шықты.

1644 — 45 ж. В.Поярков Амурды бойлап, оның сағасына дейін барды. Көп ұзамай-ақ Е.Хабаров 1647 —51 ж. Амур өлкесіне бірнеше жорық жасады.

1648 ж. С.Дежнев пен Ф.Попов Азияның солт.-шығыс жағалауын бойлай жүзіп, Азияны Америкадан бөлетін бұғазды ашты. Осы ашылулармен бір уақытта француздар (С.Шамплен, Э.Брюле, т.б.) Солт. Американың ішкі бөлігіне өтіп, Аппалачтың солт-н, Ұлы көлдерді ашты.

Объяснение:

жауабы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме География