Тапсырма 1. Жер бедері және оның түрлерін анықта.

a. Жер бетінің алуан түрлі кедір-бұдырлығы деп аталады.

b. Берілген тізбекке жер бедері түрлерінің морфометрлік жіктелуі бойынша

үлкенінен кішісіне қарай орналастыр: Қаратау жотасы, Еуразия материгі, Жаңатас кен орны, Тянь-Шань тау жүйесі, Талас өзенінің аңғары.

2. Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын анықта.

a. Төменде берілген суреттерден жер бедерін қалыптастырушы қандай үдерісті байқауға болады?

b. Бұл үдерістің әсерінен қандай жер бедерінің түрлері қалыптасады?

с. Бұл үдерістердің адамдарға тигізетін зиянды әсеріне бір мысал келтіріңдер.

3. Тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша анықта.

a. Пайдалы қазбаларды қолданылуы немесе мақсаты бойынша түрлерін көрсет. Әр түріне бір мысал келтір.

Пайдалы қазбаларды қолданылуы немесе мақсаты бойынша



мысал мысал мысал .

b. Дұрыс жауабын тап.
Физикалық немесе химиялық тұрғыдан дербестелген, яғни физикалық молекулалар құрайтын, жер қойнауларындағы химиялық әрекет өнімдері
A) магмалық тау жыныстары
B) шөгінді тау жыныстары

C)пайдалы қазбалар

D) метаморфтық тау жыныстары

E) тау жыныстары

Магма жердің беткі қабатына жеткен жағдайларда қандай магмалық тау жыныстары қалыптасады?

A) интрузивті

B) гидротермальды

C)эффузивті

D) дислокациялық

E) жапсарлы

4. Геологиялық жыл санау мен геохронологиядық кесте бойынша:

a."Геохронологиялық шәкіл " ұғымына анықтама бер.

b.Кайназой эрасының кезеңдерін атап жаз.

c. Жердің геологиялық жасы қанша жылды құрайды?

Rookgolf60 Rookgolf60    1   19.10.2021 11:51    17

Другие вопросы по теме География