Тапсырма № 1
Мәтінді оқып шық, терминдердің астын сыз.
Қоғам экономикалық іс-әрекетсіз өмір сүре алмайды. Оның әр алуан түрлері елдің экономикасын (шаруашылығын) құрайды. Бұл жерде адамдар (жұмыс күші) өндіріс құралдарымен байланысқа түседі. Еңбек құралы (адам немен жұмыс істейді) және еңбек өнімі (нені өңдейді). Осындай байланыс нәтижесінде - азык-түлік, өнеркәсіп тауарлары, әр түрлі қызмет ету түрлері пайда болады. Шаруашылық дегеніміз - халықты тіршілік ету көзімен қамтамасыз ету. Әрбір елдің ұзақ тарихының уақыт аралығында қалыптасқан, өзіндік сипаты бар ұлттық шарушылық болады. Дүние жүзіндегі елдердің бір бірімен күрделі экономикалық қарым қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шарушылық жүйесін дүниежүзілік шарушылық деп атайды. Дүниежүзілік шарушылық қалыптасуына өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көлік қатынасының қарқынды дамуы нәтижесінде елдер арасындағы өзара шаруашылық байланыстарының туындауы себепші болды.
Дүниежүзілік шаруашылық - дүние жүзіндегі елдердің бір бірімен күрделі экономикалық қарым қатынастар жүйесі.
Дүниежүзілік шарушылық қалыптасуы адамзат қоғамының қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Бұған ежелгі мемлекеттер арасындағы қарапайым өнім айырбасы дәлел болады. Біртіндеп шаруашылық құрылымының күрделенуі елдер арасындағы қарым қатынастар сипатында жаңа сатыға көтерді.
Шаруашылықтың құрамы:
1. Өнеркәсіп
2. Ауыл шаруашылығы
3. Көлік
4. Сыртқы байланыстар
Өнеркәсіп: отын- энергетика кешенінен, металлургия (қара, түсті), машина жасау, химия, тамақ, жеңіл өнеркәсіптерінен тұрады. Ауыл шаруашылығы: өсімдік және мал шаруашылығынан құрылады. Көлік кешені:құрлық (теміржол, автомобиль, құбыр), су (мұхит-теңіз, өзен- көл), әуе көлігінен тұрады, ал сыртқы байланыстардың ішіндегі ең маңыздылары: сауда, туризм, қаржы байланыстары, ғылыми- техникалық байланыстар.