Тапсырма. 1.Берілген мәтінді оқып шығыңыз. (а) Осы мәтін негізінде география ғылымының салаларын графикте көрсетіңіз. (b) Мәтіннен ғылым салаларының зерттейтін аумағын анықтаңыз. География - ең ежелгі ғылымдардың бірі. Ол бүкіл Жер бетінің және оның жеке бөліктерінің табиғат жағдайларын, халқының шаруашылығы мен әлеуметтік тұрмысын зерттейді. География негізінен физикалық география және экономикалық география болып екіге бөлінеді. Физикалык география (грекше физис - табиғат ) табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Географияның бұл саласы табиғаттың құрамдас бөліктерінің (жер бедері, ауа райы, жер беті суы, топырақ өсімдік және жануарлар) бір-бірімен өзара байланысын, бір-біріне тигізетін әсерін, соның негізінде олардың аумак бойынша сараланып таралуын анықтауды мақсат етіп қояды. Экономикалық география (грекше экономия - шаруашылық басқару) өнеркәсіпті , ауыл шаруашылығын көлік пен байланыс құрал-жабдықтарын, халықтың аумақ бойынша таралуын қарастырады, табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді.

Qazyn Qazyn    3   20.10.2021 02:47    46

Другие вопросы по теме География