Ресейдегі Оймякон селосы – Жер ғаламшарының суықтық полюсі болып табылады. Оймяконда климаттың өте күрделі түрі қалыптасқан. Климатқа географиялық жағдай, мұхиттан үлкен қашықтық, теңіз деңгейінен 741 метр биіктікте орналасуы әсер етеді. Теңіз деңгейінен жоғары биіктікте орналасуы температураны 4 градусқа төмендетеді, бұл ауаның түнде салқындауына әсер етеді. Қазаншұңқырда орналасқандықтан қыста селоға суық ауа жинақталады. Жаз мезгілі қысқа, тәуліктік температураның ауытқуы үлкен.

89132508504 89132508504    3   23.09.2020 11:29    0

Другие вопросы по теме География