Әлеуметтік және саяси география​

LOxxx24124 LOxxx24124    3   02.09.2020 08:21    1

Ответы
мага092 мага092  15.10.2020 16:38

Саяси география - саяси үрдістердің кеңістік жағдайындағы аумақтық, экономикалық-географиялық, климаттық және т.б. табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейді. Саяси география географиялық түрге баса көңіл бөле отырып, оларға саяси түсініктеме береді, саяси аспектілеріне талдау жасайды.

Ғылыми әдебиетте саяси-географиялық зерттеулерді шартты түрде үш түрге бөледі:

жалпы әлем мен ірі аймақтардың саяси географиясы;жеке елдердің саяси географиясы;саяси тұрғыдан ерекше нақты аумақтардың саяси географиясы.

Объяснение:

Әлеуметтік география - адамдар өмірі ұйымдастырылуының кеңістіктік процестері мен нысандарын, ең алдымен, олардың еңбек етуі, тұрмысы, демалуы, жеке тұлғаның дамуы мен адам өмірін ұдайы жалғастыру жағдайлары жағынан зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның тармағы.

Әлеуметтік географиялық зерттеулердің ең шекті нысаны бүкіл адамзат болып табылады; нақты зерттеу нысандары — адамдардың әр түрлі аумактык қауымдастықтары, оның ішінде, олардың дамуының тарихи ерекшеліктері, құрылымы, өндіріспен және коршаған ортамен байланысы, сондай-ақ әр түрлі аумақтық қауымдастықтардың арасындағы байланыстары, таптық, ұлттық, мамандық және баска белгілері бойынша бөлінетін осы қауымдастықтың ішіндегі халықтың әр түрлі топтарының кеңістіктік мінез-құлығы және тағы да басқалары

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме География