Кемпірқосақ қалай пайда болады?

sek071001p0ancj sek071001p0ancj    1   24.09.2020 23:50    8

Ответы
dnlnv dnlnv  25.09.2020 01:01

Көктем - жауын жауып, табиғаттың көкке оранып құбылатын әдемі мезгіл. Жауыннан кейін көрінетін кемпірқосақтың шығуы да ерекше құбылыс. Осы кемпірқосақтың қалай пайда болатынын физикалық тұрғыдан біле жүрейік.

Біз күн сәулесін жарық сәулесінің ағыны ретінде көреміз. Шын мәнінде күн сәулесінде табиғаттағы түстердің барлығы бар. Сабын көпіршігін үрлеген кезде, оған күн сәулесі түссе әр түрлі түстерге құбылатын бәріміз білеміз. Өйткені, жарық сәулесі шыны немесе мөлдір қабаттан өткенде көптеген түстерге (сары, жасыл, қызыл, қызғылт сары, көк, көгілдір) ыдырайды да, кемпірқосақ тәрізді түске айналады. Жарық сәулесін құрамдас түрлі түстерге бөлетін затты «призма» деп атаймыз. Сол призмадан немесе басқа бір мөлдір денеден өткен жіңішке ақ жарық шоғы «спектр» деп аталатын түрлі-түсті жолақтарға жіктеледі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
DashkaaMilashka DashkaaMilashka  25.09.2020 01:01

кемпірқосақ жаңбырдан кейін пайда болатын табиғат құбылысы. Ол су мен жарықтың шағылысуынан пайда болады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме География