Ауа ылғалдылығы – ауа райы мен климаттық ерекшеліктерді сипаттайтын негізгі метеорол. өлшемдердің бірі; ауадағы су буының мөлшері. Атмосфераға су буы топырақтан, өсімдіктерден және су бетінен булану арқылы таралады. Су буы негізінен тропосфера қабатына жиналады. Мұхит үстінде А. ы. құрлықтағыдан жоғары, шөлді аймақтарда төмен болады. Әр жердің А. ы. атмосфера айналымына тәуелді. Метеорологияда А. ы-ның абс. ылғалдылық (г/м3), салыстырмалы ылғалдық (%), меншікті ылғалдық (г/кг), су буының нақты қысымы (гПа), қанығу қысымы (гПа), ылғалдық тапшылығы (гПа) және шық нүктесі (с) сияқты жеті сипаттамасы бар. Олар негізінде психрометрлік әдіспен, яғни құрғақ термометрлердің температурасын салыстыру арқылы анықталады. Ал ауа температурасы –10°С төмен болған жағдайда гигрометрлік әдістер қолданылады. Жыл бойында қоңыржай белдеуде А. ы. қаңтарда жоғары, шілдеде төмен болады.