Ауа райы деген не отыныш айтыңдаршы тез​

владик216 владик216    3   25.11.2020 13:39    1

Ответы
brukaya brukaya  25.12.2020 13:42

Ауа райы — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында байқалатын құбылмалы жағдайы. Ол көбіне атмосф-ның төменгі тропосфера қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, А. р-н өзгертетін негізгі процестер осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі биіктіктегі атмосф. процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан жер бетіндегі А. р-ның өзгеру себептерін білу үшін атмосфераның жоғарғы биік қабаттары зерттеледі. А. р. метеорол. өлшемдермен және атмосфералық құбылыстармен тұман, найзағай, боран, дауыл сипатталады. Жер бетіндегі А. р-ның өзгеруі тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды. А. р-ның көп жылдық режимі климат деп аталады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме География