9. Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалаңыз а. Орман телімінде қарағай сүрегінің қоры 100 000 м³. 1м³ қарағайдың құны 25 200 теңгені құрайды. Сүректің жалпы қорын бағалаңыз. [1]
ә. Темір кенінің жалпы қоры 120 млн тоннаны құрайды. 1тонна шойын қорыту үшін 3тонна кен өндіру қажет. 1тонна шойын 200 000 теңгеден сатылады. Темір кенінің жалпы қорын бағалаңыз. [1]
б. Дүниежүзіндегі мұнай қоры 234млрд тонна. Әлемдік өндіру көлемі жылына 3млрд тонна. Мұнай қорының қанша жылға жететінін есептеңіз [1]
в. Табиғи газдың әлемдік қоры 145трлн м³. Жылына 2300млрд м³ табиғи газ өндіріледі. Табиғи газ қорының қанша жылға жететінін есептеңіз. [1]
г. Көмірдің қоры 1,5трлн тонна. Дүние жүзінде бір жылда 5млрд тонна көмір өндіріледі. Көмірдің қоры неше жылға жететінін есептеңіз. [1]
д. Көмір және мұнай өндірісінің табиғатқа кері әсеріне баға беріңіз
[1] до