№12-сарамандық жұмыс.
Елдердің экономикалық-географиялық жағдайы
1-тапсырма. Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайына
жоспар бойынша сипаттама беріңдер.
1. Мемлекеттің орналасу шегарасына экономикалық және саяси баға
беріңдер.
2. Көлік жолдарының халықаралық дәрежедегі маңыздылығына
байланысты жағдайы.
3. Экономикалық жағдайының физикалық-географиялық нысандарға
қатысты маңыздылығы.
4. Экономикалық-географиялық жағдайының уақытқа қатысты өзгеруі
(әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы өзгерістерге қатысты, аумақтың
құрамына, көлік қатынасының дамуына және тағы басқа факторлар).
Қазақстанның ЭГЖ-ға қорытынды жасаңдар.
2-тапсырма. Өз еліңнің табиғат жағдайын зерттеген ғалымдардың
еңбегін бағалаңдар. «Менің өңірімнің зерттеушілері» атты тақырыпта ре-
ферат жазыңдар. Қажетті материалдарды жергілікті жердегі мұражайдан,
мектеп кітапханасынан қарастырыңдар.