1.Табиғи және қоғамдық жағдайлар мен үдерістердің күрделі жүйесі,өте ауқымды,қарама-қайшылыққа толы біртұтас әлем қалай аталады? А)географиялық қабық

Ә)географиялық орта

Б) кеңістік

В)қоғам

2.География ғылымының жүйесін неше топтан тұратын ғылым салалары құрайды ?

А)1

Ә)2

Б)3

В)4

3.Адамзаттың ғаламдық проблемалары мен оларды шешу жолдарын қарастыратын география ғылымының саласы қалай аталады?

А)рекреациялық география

Ә)геоглобалистика

Б)картография

В)геоэкология

4.Ұйымдастырылуы бойынша далалық әдістердің түрлері...

А) экспедициялық,стационралық

Ә)картографиялық,теориялық

Б)жүйелеу,жалпылау

В)модельдеу,географиялық

5.Сандық деректерді топтастыру үшін қолданылатын әдістер:

А)графикалық өңдеу

Ә)визуализациялау

Б)рангтерге жіктеу

В)сандық және сапалық

6.Заттық модельдеудің түрлері

А)кестелік,математикалық

Ә)графикалық,сызба

Б)аумақтық

В)кешендік

7.Географиялық карталар бөлінеді?

А) көлемі мен түсіне қарай

Ә)мазмұнына,қамтитын аумағына,масштабына қарай

Б)абсолюттік,салыстырмалы болып

В)тақырыптық,әскери болып

8.Еуразияның жазықтары

А)Ориноко,Месопатамия

Ә)Қарақорым,Крит

Б)Шри-Ланка,Ұлыбритания

В)Батыс Сібір,Тұран

9.Жер қыртысының қозғалысы кезіндегі платформалардың қарама-қарсы бағытта қашықтау процесі қалай аталады?

А)ығысу

Ә)спрединг

Б)субдукция

В)қатпарлану

10.Тік қозғалатын белсенді тектоникалық қозғалыстар әсерінен тау құрылымдарын қалыптастыратын геологиялық үдеріс?

А) тербелмелі қозғалыстар

Ә)Физикалық үгілу

Б)тау жасалуы

В)химиялық үгілу

11.Мұхит түпкі жер бедері құрылымдық ерекшелігіне қарай қандай ірі орографиялық құрылымдарға ажыратылады?

А)Материктің шеткі жағалық бөліктері

Ә)жазықтардағы таулар

Б)суасты орта жоталары

В)ойпаттар

Г)мұхит табаны

Д) таулар

12.Жер бедерінің элементтерін табыңыз?

А) топырақ

Ә)жота

Б)суайрық

В)өзен аңғары

Г)батпақ

Д)тік жар

Е)терасса

Ж)сай

13.Шөгінді жыныстарды(пайдалы қазбаларды) табыңыз?

А)қиыршықтас

Ә)гранит

Б)құм

В)мұнай

Г)таскөмір

Д)тас тұзы

Е)кварцит

14.Мезозойдың дәуірлері?

А)Антропоген

Ә)Бор

Б)Юра

В)Триас

Г)Пермь

Д)Девон

Е)Кембрий

15.Материктер климатына әсер ететін материктік қысым орталықтарын (максимумдарын) табыңыз?

А)Орталық Азия

Ә)Еуразия

Б)Солтүстік Америка

В) Антарктида

Г) Оңтүстік Америка

Д)Африка

Е)Аустралия

kongratbaeva2003 kongratbaeva2003    1   22.01.2021 18:42    0

Другие вопросы по теме География