Жаттығу 1.1 1. Оқушы үйден шығып, мектепке дейін 15 мин жүреді. Осы уақытты сағат және
секунд бірліктері арқылы жазыңдар.
2. 1,5 тәулікте неше секунд болатынын анықтаңдар.
3. Ай өз осінің төңірегінде 27,3 тәулікте толық бір айналып шығады. Бұл қанша
сағат, қанша минутты құрайды?
4. Жер өз осін қанша уақытта толық бір айналады?
5. Айдың екі толық тууының арасындағы уақыт 29,5 тәулікке тең. Бұл қанша
сағатты құрайды?
6. Үстелдің ұзындығы 0,8 м. Оны дециметр, сантиметр, миллиметр және кило-
метрмен жазыңдар.
7. Қабырғасы 1,2 дм квадрат берілген. Квадраттың ауданын табыңдар, оны ква-
драт сантиметр және квадрат миллиметр арқылы өрнектеңдер.
8. Ыдыстағы сұйықтың көлемі 2800 см3-қа тең. Осы көлемді литрмен көрсетің-
дер.
9. 38 600 мм3 көлемде қанша миллилитр бар?
10. 1 гектар (га) жер қабырғасы 100 м квадраттың ауданы екені белгілі. 1 км?
қанша гектарға тең? Өз үйлеріңнің төңірегінде және саяжайларыңда қанша га
жер бар? Оның ауданын м?-пен көрсетіңдер.
11. Жас бамбук тәулігіне 86,4 см-ге өседі. Ол секундына қанша өседі?​

7hakep7p0739i 7hakep7p0739i    3   09.09.2020 13:52    70

Другие вопросы по теме Физика