Сәуле шығару дегеніміз не?

Alik2017 Alik2017    1   15.09.2020 10:45    2

Ответы
YuliaMarho YuliaMarho  15.09.2020 11:01

Сәулелену Атом сәуле шығара бастауы үшін, оған белгілі мөлшерде энергия берілуі керек • Сәуле шығару түрлері: – Жылулық сәуле шығару – Электролюминесценция – Катодолюминесценция – Хемилюминесценция – Фотолюминесценция

Жылулық сәуле шығару - жарық шығаруға жұмсалған атом энергиясы сәуле шығарушы дене атомдарының жылулық қозғалысының энергиясы есебінен компенсацияланады.

Электролюминесценция - атомдар жарық шығаруы үшін қажетті энергияны жылу көздері болып табылмайтын денелерден алады.

Катодолюминесценция - қатты денелерді электрондармен атқылағанда жарық шығаруы.

Хемилюминесценция - энергия бөліп шығару арқылы жүретін химиялық реакцияларда энергияның жарты бөлігі жарық энергиясына айналады.

Фотолюминесценция - түскен жарық әсерінен дененің жарық шығаруы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Физика