Практикалық жұмыс №1 «Қозғалыстың салыстырмалылығы» 1. Жүргізушінің суға қатысты жылдамдығы 72 м/мин. Ағыс жылдамдығы 80 см/с. Егер жүзуші өзен ағысының бағыты бойынша жүзіп келе жатса, оның жағаға қатысты жылдамдығын анықтаңдар 2. Ағыс жылдамдығы 3 м/с, ал балықшы тынық суда 5 м/с жылдамдықпен ескек еседі. Балықшының өзен ағысымен 40 м төмен түсуге және 40 м жоғары көтерілуіне қажетті уақытты анықтаңдар 3. Жүзуші өзенді жағаға перпендикуляр жүзіп өткісі келеді. Ағыс жылдамдығы 1 м/с болса, ол ағысқа қандай бұрыш жасап жүзуі керек?