Физика жаттығу 5.4
1.Амперметр тізбекте 15 А ток күшін ал вольтметр осы бөлікте 24 В кернеуді көрсетеді.20 мин ішінде ток қанша жұмыс атқарады?
2.Электр плитасының кедергісі 80 Ом, желідегі кернеу 220 В.Электр плитасы 6 сағ ішінде қанша энергия тұтынады?
3.Ом заңын пайдаланып,токтың жұмысын ток күші,кедергі жəне уақыт бойынша; кернеу, кедергі жəне уақыт бойынша өрнектеңдер.
4.120 В кернеуге арналған əрқайсысы 100 Вт болатын екі шам кернеуі 220 В желіге тізбектеп жалғанған.Тізбектегі токтың күшін жəне əр шамның кернеуін анықтаңдар.
5.220 В кернеуде жұмыс жасайтын қуаты 700 Вт болатын қыздырғыштың спиралін қимасы 0,5 мм2 хромаль сымынан жасау керек.Сымның ұзындығын табыңдар.Хромальдің меншікті кедергісі-1,4 Ом ×мм2/м.
6.Токтың қуатын ток күші мен кедергі арқылы жəне кернеу мен кедергі арқылы өрнектеңдер.
7.Кернеуі 250 В желіге осындай кернеуге арналған қуаты 500 Вт жəне 25 Вт екі шамды қосады.Тізбектеп немесе параллель жалғағанда олардың қайсысы жарқырап жанады?​

alexeyvinogradp0do9x alexeyvinogradp0do9x    2   18.02.2021 13:15    400

Другие вопросы по теме Физика