Диффузия. Молекулалардың ретсіз қозғалыста болатынын дәлел- дейтін тағы бір құбылыс диффузия. Бұл құбылыспен танысу үшін
алдымен бірнеше тәжірибелер қарастырайық.
1-тәжірибе. Биік шыны стақанға толтырып су құйыңдар. Оған калий пер-
манганатының (марганцовка) түйіршіктерін салып, бақылаңдар. Сонда нені
көруге болады? Түйіршіктің айналасындағы су біртіндеп күлгін түске бояла
бастайды. Осы процестің уақытқа тәуелді жүру барысы 1.3, а, ә, б-суреттерде