9-жұмыс. ЭЛЕКТРОМАГНИТТІ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ Оның ӘСЕРІН СЫНАУ Жұмыстың мақсаты: электромагниттің негізгі бөліктерімен танысып, оны жинау.
Құрал-жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, жалғағыш сымдар, магнит тілше,
электромагнитті жинауға арналған бөліктер.
Жұмыс барысы:
1) ток көзін, шарғыны, реостатты және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін
жинаңдар;
2) тізбекті тұйықтап, магнит тілшені пайдаланып шарғының магнит полюстерін
анықтаңдар;
3) магнит тілшені шарғының магнит өрісінің оған тигізетін әсері шамалы бола-
тындай қашықтықта орналастырыңдар;
4) шарғыға темір өзекшені енгізіңдер;
5) электромагниттің магнит тілшеге әсерін бақылаңдар;
6) реостаттың көмегімен ток күшін өзгертіп, магнит өрісінің магнит тілшесіне
әсерін бақылаңдар;
7) қорытынды жасаңдар.