449. Қатты дененің өз пішінін сақтап , ал сұйықтықтың құйылған ыдыстың пішінін алатыны неліктен ? 450. Электр лампасы неге айналасындағы ауа ның қысымынан кемірек қысымды газбен толтырады ? 451. ауа кірмейтіндей саңылаусыз жабық ( гер метикалық ) болса , температура көтерілгенде ғы газдың қысымы өзгере ме ? Неге ? Қысымы үлкен газы бар неге күн көзінде үзақ ұстауға болмайды ? 452. Газды неге беті ашық ыдыста сақтауға болмайды ? 453. Су астында жарылған снаряд неге суда өмір сүретін ағзалар үшін қауіпті ? 454. Жабық ыдыстағы газ молекулаларының саны қыз дырудан көбеймейді . Ал осы молекулалардың ыдыс қабыр ғасына түсіретін қысымы қыздырғанда неге артады ? 455. Сабын көпіршігі неге шар пішінді ? 456. Пішіні мен өлшемі бірдей екі ыдыс 82 - суреттегідей орналасқан . Анықтаңдар : а ) ыдыстардағы су мас сасы қандай ? ә ) ыдыстардың түбіндегі a ) қысымдарды салыстыр ; б ) ыдыс түбіне түсетін қысым күштері қандай ? 82 - сурет