4. Ұзындығы 5,1-102 см, ені 3,2-10 см, биіктігі 25,0-10° см бөлменің көлемін есептеңдер. Сандардың ықшам түрлерін пайдалана отырып, көбейту амалын
орындаңдар. Көлемнің мәнін метр кубпен жазыңдар.
5. Мына сандарды екі таңбалы цифрлар дәлдігімен ықшам түріне келтіріңдер:
0,00315; 1 540 000; 0,00000005; 43 000.
6. Жарық жылдамдығының мәнін ықшам түрінде жазыңдар:
а) бірінші көбейткішті алдымен үш таңбалы цифрлар дәлдігімен,
ә) екі таңбалы цифрлар дәлдігімен жазыңдар.
7. Тәулікте 24 сағат, сағатта 60 минут, минутта 60 секунд бар. Тәуліктегі секунд са
нын анықтаңдар; оны төрт таңбалы цифрлар дәлдігімен стандарт түрінде жазыңдар.
8. Бір жыл 31 556 925, 9747 секундқа пара-пар. Бұл санды үш таңбалы цифрлар
дәлдігімен ықшам түрінде жазыңдар.
9. Бір астрономиялық бірлік (а.б.) 149 597 868 километрге тең. Марстан
Күнге дейінгі арақашықтық 1,5 а. б-ке тең. Осы санды үш таңбалы цифрлар
дәлдігімен километрмен және метрмен көрсетіңдер.