4. Дененің Жер және Ай беттерінен бірдей биіктіктегі потенциалдық энергия-
лары бірдей бола ма?
5. Қатаңдығы k=2+10° Н/м серіппе серпімділік күшінің әрекетінен 3 см-ге ұзарады.
Созылған серіппенің потенциалдық энергиясы қандай?
6. 250 H серпімділік күшінің әрекетінен серіппе 30 см-ге ұзарады. Серіппенің
потенциалдық энергиясын және осы күштің жұмысын табыңдар. Егер осы күштің
әрекетінен серіппе тағы да 20 см-ге созылса, онда оның потенциалдық энергиясы
қандай болады? Потенциалдық энергияны өзгерту үшін қанша жұмыс жасалады?
7. Серіппені 6 см-ге созғанда оның потенциалдық энергиясы 180 Дж болды.
Серіппенің қатаңдығы қандай?