3. а) Қапырық ыстықтан кейін бұлт қоюланып нөсерлетіп жаңбыр жауды. Жаңбыр басылғаннан соң аспанда бұлт сейіліп, жерге қарай иілген алып доға тәрізді кемпірқосақтың пайда болғанын көруге болады. ә) Күн сәулесі түскенде қолайлы сәтті пайдаланып, жалюзді жауып, арасынан кішкене саңылау қалдырып, шыны әйнек арқылы параққа түскен кемпірқосақ түстерін байқауға болады. Кемпірқосақтың пайда болуының қайсысы бақылау арқылы, қайсысы эксперимент арқылы алынған? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.