20-жаттығу 1.6 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі
қандай?
2. 20 м/с жылдамдықпен түзу сызық бойымен қозғалып келе жатқан массасы
2 кг дене массасы 3 кг денемен соқтығысады да, әрі қарай екеуі бірігіп
0 жылдамдықпен қозғала бастайды. Сыртқы күштер әсер етпейді деп
есептеңдер. Денелердің соқтығысуға дейінгі, соқтығысудан кейінгі жалпы
импульстерін және соқтығысудан кейінгі жылдамдығын анықтаңдар.
3. Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, 2 м/с жылдам-
дықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстіне секіріп мінді. Осыдан
кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?
•4. Вертикаль жоғары атылған снаряд ең жоғары көтерілу нүктесінде жарылып,
одан екі бірдей жарықшақ пайда болады. Олардың бірі жоғары қарай,
екіншісі төмен қарай ұшады. Егер бірінші жарықшақ екіншісінің үстіне v
жылдамдықпен құласа, екінші жарықшақ жерге қандай жылдамдықпен
құлайды?