1. Желкенді қайық өзіне орнатылған желдеткіштен шыққан ауа ағынның әсерінен қозғала ала ма ? 2. Сындырып ішін ашпай - ақ піскен жұмыртқаны шикі жұмыртқадан қалай ажыратуға болады ? 3. Ұлы палуан атамыз Қажымұқан екі қолына екі арқанның ұшын ұстап тұрып , арқанның екінші ұштарын екі түйемен екі жаққа қарай керіп тартқызған . Сонда екі түйе Қажымұқанның екі қолын жаза алмапты . Халық Қажымұқан екі түйенің күшіне тең күшпен арқанды керіп ұстап тұр деп есептеген . Осы пікір дұрыс па ? 4. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде француздық ұшқыш екі шақырым биіктікте ұшып бара жатып көз алдынан бір кішкентай нәрсенің қозғалып бара жатқандығын байқады . Ұшқыш оны шіркей екен деп ұстап алса , ол атылып шыққан оқ болып шығады . Мұны қалай түсіндіруге болады ? 5. Көлде екі қайықпен жүзіп жүрген ағайынды екі бала қайықтарынан жағаға секірді . Інісінің массасы 40 кг , ал ағасының массасы 60 кг болса , қайсысының қайығы көлдің ортасына қарай көбірек ығысып кетеді ? 6. Стақанның бетін қатты қағазбен жауып , оның үстіне тиын қойыңдар . Қағазды саусақтарының ұшымен шертіп қалыңдар . Қағаз ыршып кеткенде тиын неліктен стақанның ішіне түседі ? ( тәжірибе түрінде көрсету ) 1. Қайықты өзен ағысына қарсы жүргізем деп ескекші тырысқанымен , оған шамасы келмеді , кайық жағаға қатысты тыныштықта қала берді . Сонда қандай денелердің әсері теңгеріледі . 8.Жүгі бар арбаны аққу аспанға , шортан суға , шаян алға тартады . Арба орнынан қозғала ма ? Тең әсерлі күш неге тең ? ( сурет бойынша )