1.Су толтырылған биіктігі 50см болатын бактың түбінде ауданы 1 см2 тесік бар, ол бак қимасының ауданынан едауір кіші. Егер тесікті ашсақ, онда одан су ағатын болады. Бак түбінен 20см төмен биіктіктегі ағын қимасының ауданы неге тең? 2.Су құбырында қимасының ауданы 4мм2 тесік пайда болды,одан тік жоғары қарай 80см биіктікке су атқылап ағып жатыр. Тәулік ішінде құбырдан судың қандай мөлшері ағып шығады?
1.Футбол добын қақпаға бұрыштан неге «айналдырып» соғуға болатынын талдаңдар
2.Не себепті, егер сендер қозғалыстағы пойызға жақын тұрсаңдар,дөңгелектерге «тартылудың» әсері болады?