1. Механикалық қозғалыстарды физиканың қандай бөлімі зерттейді? Механи- калық қозғалыс деп нені айтады? Мысалмен түсіндіріңдер.
2. Материялық нүкте дегеніміз не? Денелерді қандай жағдайда материялық нүкте
ретінде қарастыруға болады немесе болмайды?
3. Қозғалыс траекториясы деп нені айтады?
4. Дененің жүрген жолы дегеніміз не?
5. Орын ауыстыру векторы деп нені айтамыз?
6. Дененің кеңістіктегі механикалық қозғалысын толық сипаттау үшін қандай
шамаларды анықтау қажет және ол үшін не істеу керек?
7. «Санақ денесі» деп қандай денені айтады? «Санақ жүйесі» деп қандай жүйені
айтады?