1. Механика деген қандай ілім? Механикалық қозғалыс деп қандай қоз- ғалысты айтады?
2. Механикалық қозғалыстарды сипаттау үшін қандай ұғымдар мен шама-
лар қолданылады? Бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың теңдеулері
қандай өрнектермен сипатталады?
3. Санақ жүйесі деп қандай жүйені айтады? Қозғалыстың салыстырмалы-
лығы қалай түсіндіріледі?
4. Материялық нүкте деп нені айтады? Радиус-вектор деп қандай векторды
айтады?
5. Орын ауыстыру векторы деп қандай векторды айтады? Неліктен қи-
сықсызықты қозғалыста орын ауыстыру түзусызықты қозғалыстағы-
дай жүрілген жолға тең болмайды?
6. Галилейдің салыстырмалылық принципі қалай тұжырымдалады?