1-мәтін Ақыраптың ұзақ түнінде Мақамбеттің ұйқысы шала болды. Әлденеден көңілі алағаржақтанып, жүрегі өрекпіп, дөңбекшіп шықты. Құлқын сәріде төсектен тұрып, тысқа шығып еді. Үйінің жанында біраз тұрып қалды.Таң көктемнің таңындай толықсып атты. Күз таңының мұншалық сұлулығын бұрын көрген емес-ті. Күн де көктемнің күніндей айдарланып, сансыз алтын найзасын шашағымен шашырата шықты. Қазіргі сәтте шашақты найзадан айрылған күн күйеудің жыртысқа түскен сал орамалындай пәршектенген кіреуке бұлттардың арасынан сығалап қарайды. Асқа тіккен алтын жамбыға да ұқсап кетеді...
2-мәтін
Е, анаңды... – деп Мақамбеттің үстіне қона түсті. Малдас құрып отырған Мақамбет жығылмады. Бір тізелеп түрегеле беріп, басымен Ықыласты бұқаша сүзіп жіберді. Ықылас: «ах!» деп, аузын басып қалды. Осы уақытта Мақамбетке төрт адам жабылып үлгерген. Екеуі екі қолын қайыра бастады. Мақамбет құрыққа ілінген құландай:– Бала-шағадан аулақ! – деп жанұшыра бұлқынып, төрт адамды сүйрете-мүйрете тысқа шыға бергенде, табалдырыққа сүрініп, етпетінен құлады. Оқушылар туған айларына байланысты жұпқа бөлінеді. Жұпта берілген кестені толтырады.
А мәтіні Ұқсастығы Ә мәтіні
Мәтін не туралы? Ұқсастықтары неде? Мәтін не туралы?
Мәтіннің стильдік ерекшелігі неде? Мәтіннің стильдік ерекшелігі неде?
Тілдік ерекшеліктері қандай? Тілдік ерекшеліктері қандай?