1. Автокөлік жолдың бірінші жартысын 36 км/сағ, екінші жартысын 15 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Автокөліктің орташа жылдам
дығын км/сағ-пен табыңдар.
2. Велосипедші ылдиға қарай 0,3 м/с²
үдеумен қозғалып келеді. Егер оның
бастапқы жылдамдығы 4 м/с болса,
1/3 минуттан кейін оның жылдамдығы
қандай болады?
3. 31-суретте дене жылдамдығы модулінің
уақытқа тәуелділік графигі берілген, дене
қозғалысының сипатын анықтаңдар. Дене
үдеуі модулінің уақытқа тәуелділік гра-
фигін салыңдар.