Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Айдарымнан сипап өткен самалды Қазағымның алақаны деп білем. Қайда жүрсең, атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі қимай оны, Ұясына батады екен. Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Асқар тауың аспаныммен астасқан, Қазағымның мәртебесі деп білем. Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем. Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін Қазағымның махаббаты деп білем это очень сор по Казахскому языку