Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. Ата қоныс — алтын мекен. Атамекен — анаң екен, Қысылғаңда панаң екен. Атамекен туған жер: кір-қоңыңды жуған жер, кіндігіңді кескен жер, кісі болып өскен жер. Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары. Әркімнің өз жері — ұжмақ. "Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз, Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз". Бақа батпағына, балық көліне. Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі. Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық. Дарақ бір жерден көгереді. Дуадақ шөлін мақтайды, Көкала каз көлін мақтайды. Кемеңгер елін мақтайды, Дихан жерін мақтайды. Ерінен айрылған көмгенше жылайды, Елінен айрылған өлгенше жылайды. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен Туған елдің түтіні де тәтті екен.
Адам туған жерін аңсайды.
Ата қоныс — алтын мекен.
Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен.
Атамекен туған жер:
кір-қоңыңды жуған жер,
кіндігіңді кескен жер,
кісі болып өскен жер.
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
Әркімнің өз жері — ұжмақ.
"Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз,
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз".
Бақа батпағына, балық көліне.
Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі.
Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.
Дарақ бір жерден көгереді.
Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала каз көлін мақтайды.
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихан жерін мақтайды.
Ерінен айрылған көмгенше жылайды,
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.