Тест:
1. Ғ.Мұстафиннің өзі романтикалық шығарма деп бағалаған туындысын атаңыз.
A) ’’Құлаған құз’’.
B) ’’Миллионер’’.
C) ’’Дауылдан кейін’’.
D) ’’Шығанақ’’.
E) ’’Күлмеген адам’’.
2. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.
A) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін
образдар.
B) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.
C) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.
D) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.
E) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.
3. Ғ.Мұстафиннің тұңғыш кітабын табыңыз.
A) “Қарағанды”.
B) “Өмір не өлім”.
C) “Ер Шойын”.
D) “Шығанақ”.
E) “Қашқын”.
4. Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр! Бейнелеу тәсілінің қай түріне жататынын анықтаңыз.
A) Кейіптеу.
B) Метафора.
C) Ирония.
D) Метонимия.
E) Антитеза.
5. Ғ.Мұстафиннің’’Қарағанды’’ романында қандай мәселе әңгімеленетінін табыңыз.
A) Колхоздастыру кезеңі.
B) Қазақ ауылының тұрмысы.
C) Жұмысшы табы мен ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолы.
D) Білімдендіру, сауаттандыру мәселесі.
E) Қазан төңкерісі.
6. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.
A) Пролог.
B) Эпилог.
C) Экспозиция.
D) Кульминация.
E) Шешім.
7. Ғ.Мұстафин қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
A) 1897 ж., Алматы облысында
B) 1915 ж., Ақмола облысында
C) 1885 ж. Павлодар облысында
D) 1905 ж., Атырау облысында
E) 1902 ж., Қарағанды облысында