Тапсырма 1.Мәтінді түсініп оқимыз 2.Мәтіннің стилін анықтаймыз. 3.Мәтінді жоспарлаймыз. 4.Мәтіннен термин сөздерді теріп жазамыз. 5.Мәтіннен есімдіктерді теріп жазамыз. Тапсырма 1.Мәтінді түсініп оқимыз 2.Мәтіннің стилін анықтаймыз. 3.Мәтінді жоспарлаймыз. 4.Мәтіннен термин сөздерді теріп жазамыз. 5.Мәтіннен есімдіктерді теріп жазамыз. Тапсырма 1.Мәтінді түсініп оқимыз 2.Мәтіннің стилін анықтаймыз. 3.Мәтінді жоспарлаймыз. 4.Мәтіннен термин сөздерді теріп жазамыз. 5.Мәтіннен есімдіктерді теріп жазамыз. Мұхиттағы жануарлар әлемі. Мұхиттағы өсімдік әлемі Мұхит (Әлемдік мұхит) — гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos — мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен). Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі. Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығару арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесі планктон (грекше «қалқыма»), нектон (грекше «жүзгіш») және бентос (грекше «тереңдік») деп аталатын 3 топқа бөлінеді. Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырларда, әр түрлі қарапайымдардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құрттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүтқоректілер (кит тәрізділер мен ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалар, ірі моллюскалар құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан тұрады. Олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен тұрады. Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп өмір сүруге бейімделген. Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді. Зерттеулер ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми-зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұмыс істейтін арна