Адам не үшін өмір сүреді? деген сұраққа бір ауыз сөзбен жауап беру қиыншылық тудырады, себебі әркім алдына әрқалай мақсат - мұрат қойып, соған жеті үшін талпынып, күш - жігерін, уақытын, яғни өмірін арнайды. Біреулер материалдық құндылықтарды бағалап, сол үшін өмір сүрсе, енді басқалары үшін рухани байлық маңызды. Бірақ, менің ойымша, адамдар бақытты болу үшін өмір сүреді, тек осы "бақыт" ұғымын әркім әрқалай түсінеді.
Әдетте, үлкен кісілер «бақыттың ішіне бәрі де сыяды» деп жатады, менің ойымша, бұл өте орынды сөздер. Мысалға, біреу үшін денінің саулығы бақыт болса, енді біреуінің ойынша, ол отбасы мүшелерінің амандығы, тағы басқа адам бақытты байлықтан іздейді. Есейе келе, менің де бақыт жайлы ой - пікірім өзгерген сияқты. Мысалға, бала күнімде мен үшін бақыт дегеніміз - жаңа ойыншық, әдемі көйлек, ата - анаммен қыдырып, ойнау бақыт болса, қазір бой жеткенімде мен үшін бақыт - ол сабағымды жақсы оқып, ата - анамның маған артқан үмітін ақтап отырғаным. Үйдегі жеңгемнен «Сіз үшін бақыт деген не?» деп сұрағанымда, ол кішкене бөпесінің сыңғырлаған күлкісі мен отбасының амандығы деп жауап берді. Ал анам болса, «бақыт дегенім - сендердің аман жүргендерің» дейді. Міне, көрдіңіздер ме, қарап отырсаңыздар, шынымен де бақыттың ұғымы өте кең, өміріміздің барлық жағын қамтиды. Дегенмен де, әр адам бақыт дегенді әр түрлі түсінгенімен де, барлық адам бақытты болуға лайықты деп ойлаймын.
Адам не үшін өмір сүреді?