Шығарма үзінділерін оқи отырып, өлеңнің негізгі идеясына талдау жасаңыз. Ойыңызды «Түйін» кестесін толтыру арқылы тұжырымдаңыз: Менің ойымша, бұл үзінділерде... ( ) Себебін былай түсіндіремін... Мына фактімен дәлелдей аламын... Былай қорытамын... а) Тәуелсізбін! Тәуелсізбін мен бүгін. Келді, міне, азаттығым, теңдігім. Бостандықта бойлығым мен ендігім, Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім! ә) Өз жерімде ала алмастан рұқсат, Өзімізге жүрдік біздер құрық сап... Үндетпестен тас тықты да көмейге, Қойды сонсоң аузымызға құрық сап... б) Тәуелсізбін! Танып тұрмын өзімді. Ұшырамын қанат байлап сөзімді. Ешкім енді көкірегімнен итеріп, Ешкім енді шұқымайды көзімді. Тәуелсіз ғой ойым менен ұғым да, Бақыт құсым қонды келіп тұғырға. Тәуелсіздік алды бүгін, қараңдар, Тойым түгіл, Қайғым менен мұңым да