Шетелдік соғыс интервенцис
ы деген не

Аркадичка Аркадичка    1   22.12.2020 12:14    0

Ответы
cucumber03 cucumber03  21.01.2021 12:15

ответ:1. Дала өлкесінің төтенше комиссары Ə.Жангелдин

2. Торғай уезінің əскери комиссары А.Иманов

3. Қазақ атты əскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев.

Объяснение:

Азамат соғысы – мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы. 1918 жылы ақтар большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Ақ легионерлер 1918 жылы мамырдың соңында Петропавлды, маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей, Қостанайды басып алды. 1918 жылы маусымда атаман А.Дутов Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Ақ гвардиялық “Сібір үкіметін” ресми түрде таныған Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.

Антанта Чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды. Тамызда Иран мен Каспий сыртына ағылшын әскері енгізілді. Орта Азия мен Қазақстанды интервенттер мен ақ гвардияшылдардың басып алу қаупі төнді. 1918 жылғы наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын жаулады. Сәуірде оларға қарсы “Ерекше армия” құрылды. 1918 жылғы қарашада “Сібір армиясының” Екінші Жеке Дала корпусы Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісу майданына атаман Анненковтың дивизиясын жіберді. Солтүстік Жетісуда табан тірескен ұрыстар өршіді.

Кеңестер Түркістан мен Қазақстанда “Мұсылман бөлімдері” деп аталған әскери бөлімдер құрды. 1920 жылы Түркістанда байырғы халықты əскерге тұңғыш рет күштеп жинау басталды. 1920 жылдың соңында Бөкей Ордасында, Орал, Торғай облыстарында 37 əскер бөлімдері құрылды.

Әскер бөлімдерін құру ісін ұйымдастырғандар:

1. Дала өлкесінің төтенше комиссары Ə.Жангелдин

2. Торғай уезінің əскери комиссары А.Иманов

3. Қазақ атты əскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев.

Əскери бөлімшелердің командирлері мен комиссарлары – Т.Əлиев, А.Асылбеков, С.Арғыншиев, Б.Алманов, Ж.Жəнікешев, М.Масанчи, А.Розыбакиев, О.Исаев, А.Оразбаева.

1919 жылғы қаңтарда Орынбор мен Орал азат етілді. Бұл Кеңестік Ресейдің Қазақстан жəне Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 1919 жылғы көктемде Антантаның Кеңес еліне біріккен жорығы басталды. Басты соққыны Колчактың ақ гвардияшыл əскерлері берді.

Ақ гвардияшыларға қарсы партизан қозғалысы өрістеді. Партизан қозғалысына басшылық еткендер:

1. Қостанай уезінде Мәскеудегі Қазан қарулы көтерілісіне қатысушы М.Летунов.

2. Қара теңіз әскери флотының бұрынғы матросы Г.Муляр.

3. Қысқы Сарайға шабуылға қатысқан А.Миронов.

4. Торғай депутаттар Кеңесінің мүшесі К.Иноземцев.

5. Үш революцияға да қатысқан, Қостанай төтенше комиссиясының төрағасы И.Эльбе.

6. Әскерден қайтқан А.Жиляев.

7. Кеңарал болысында 1916 жылғы қозғалыс жетекшілерінің бірі Өтеп Ыбыраев.

8. Ой болысында Кәкімжан Саркин.

Империалистік және азамат соғысы экономикалық дағдарыс туғызды. Кәсіпорындардың көпшілігі жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары байыту фабрикасы толық істен шықты. Кеңес өкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, тіршілікке қажеттіні коммунистік негізде бөлуді ойластырды. Алайда зорлыққа негізделген азық саясаты сәтсіздікке ұшырады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды.

1921 жылғы ақпанда 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. Сібір мен елдің орталығы арасындағы теміржол қатынасы үш апта бойы тоқтап қалды. 1921 жылғы наурызда Оралда 10 мыңнан астам бүлікші көтерілді. Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия жəне кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. Ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалар мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат керек екені айқындала түсті.

Азамат соғысының қырғынында 8 млн. адам қаза тапты. Атамандар Дутов пен Анненковтың казактары ерекше қатыгездік көрсетті. Атаман Анненков әсіресе Солтүстік Жетісуда ерекше құтырынды. 1918 жылдың соңында үш күннің ішінде Лепсі уезінің Петровский, Пятигорское, Подгорное қоныстарын тонап, өртеп жіберді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы