Шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту жөнiнде алғаш рет бастама көтерушiлердiң бiрi әскери губернаторы Г.А. Колпаковский едi. оның тiкелей басшылығымен «Жетiсуға шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бiрқатар жеңiлдiк пен артықшылық беру көзделдi. Шаруалардың әрбiр ер азаматына 30 десятинадан жер телiмi бөлiндi. Олар барлық алым-салық түрiн төлеу мен мiндеттi борыштарды атқарудан бойы босатылатын болды.