«Пирамидалық оқиға» стратегиясы қолданылады.
1
2
3
4
5
6
7
Мұндай сызба барлық оқушыға таратылады. Берілген тапсырма осы жолдарға жазылады.
Оқиға кейіпкерінің атауын білдіретін (адам,аң, өсімдік, жансыз зат, т.б.) 1сөз.
Кейіпкердің сырт бейнесін, мінезін, түрін анықтайтын 2 сөз.
Оқиғанын болған орнын анықтайтын 3 сөз.
Оқиғаның өтуі түсіндіретін 4 сөзден тұратын сөйлем.
Оқиғаның шығу себебі 5 сөз.
Әрі қарай не болды? 6 сөз.
Оқиға қалай аяқталды? 7сөз.
Мағынаны тану кезеңі
Оқулықта берілген жаттығулар орындалғаннан кейін «Кубизм» стратегиясын қолдануға болады. Ол үшін шағын топтарға бөлінеді.Неше топ болса, текшенің сонша жағына сұрақтар жазылады. Текше тортың ортасына тастағанда, әр топ отырған жаққа қай жағындағы тапсырма түссе, топ сол тапсырма бойынша дайындалады.
Мәтіннің сөйлемнен айырмашылығын айт.
Мәтіннің тақырыбын қалай таңдауға болады?
Мәтіннің басталуы дегеніміз не?
Мәтіннің аяқталуы дегеніміз не?
Мәтінді қалай құру керек?
Бұл тапсырманы мұғалім өз қалауынша өзгертуіне болады.
Ой толғаныс
Топтың санына қарай тақырыптар жазылады. Әр топ тақырып таңдап алады. Топтың таңдаған тақырыбына қарай әр оқушы бір сөйлемнен жалғастырып жазып, 4-5 сөйлемнен тұратын логикалық байланысқан мәтін құрастырады. Бұл стратегия «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады