Пән-Азаматтық құқық такырып Мәмілелер!
13 есеп
Психикалық ауруға шалдыққан Шөмішбай,галантереялық дүкеннен күн сайын тарақ сатып алып тұрған. Оның үйінде 500-ден астам тарақ жиналғанда әйелі дүкен директорына барып тарақтардың бәрін қайта қабылдап алуды және олардың ақысын қайтарып беруді талап етеді. Өз талаптарын ол Шөміешбайдың өз әрекетінің мәнін түсінбейтінімен және соған байланысты оны әрекетке қабілетсіз деп тану үшін сотқа баруға ниетті екендігімег дәйектейді. Директор Шөмішбайдың әйелі қойған талапты орындаудан бас тартады.
Бұл жағдайда кімдікі дұрыс?