Осы эпизодта Төлеген қандай әрекет жасайды? Әлқисса, енді Төлеген айтты: — Олай десең мен саған жеңген жерде сөйлесейін, – деп, атының басын бұрып алып, қайтып келіп, Қаршығаны басшы қылып жүріп, екі жүз елу ат сатып алды. «Осының бәрін бата аяққа берсем де құда болармын» деп, екі жүз елу жылқыны алдына салып айдап, Сырлыбай ханға келді.