ОҚЫЛЫМ Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Осы жерде қызу жұмыс жүріп жатыр. Оқушы балалар мен қыздар бірнеше топ болып сергек, батыл қимылдап жүр. Балалардың ішінде батыл, өнімді қимылы, ірі тұлғасымен көзге ерекше түсіп, Николай Трофимович жүр. Осы жұмыстың бәрі соның басшылығымен істеліп жатыр. Николай Трофимович иықты келген, орта бойлы, жуан мойын адам. Ашық жүзінде қаны ойнап, қашан көрсеңіз де моншадан шыққандай боп, құлақ шекесіне дейін қызарып тұрады. Ол Ленинградтағы физкультура институтын бітіргеннен кейін армияға алынып, бірнеше жыл осы шекарада болды. Армиядан кейін дене шынықтыру пәнінен мұғалім болып, осында қалды. Оның келуімен байланысты мектеп өмірінде көптеген жаңалықтар туып жатыр. Ол ең әуелі шекаралық застава бастығымен хабарласты. Бұл ауданда тұратындар,—деді ол, қазақтар. Қаладан да алыс. Физкультура мен спорттың негізгі түрлерінен бұлардың хабары әлі де аз. Бірақ қабілетті, таланты жастар мол. Николай Трофимовичті заставаның бастығы қызу қолдады. Николай Трофимович мектепте физкультура коллективін құрды. Әзірше жеңіл атлетика, гимнастика және спорт ойындарының секцияларын іске қоспақ.
1-тапсырма. Мәтіннің әр бөлігіне байланысты тірек сөздер жазыңыз. Тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлем жазыңыз.
No Тірек сөздер Сөйлемдер

maksgolovakha228 maksgolovakha228    1   14.12.2021 06:16    4

Другие вопросы по теме Другие предметы